19 қаңтар 2019 | 10:48

Алматы облысында оқушының ата-анасынан соққы жеген мұғалім сот залынан ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында оқушының ата-анасынан соққы жеп, шағымы бір жылдан соң ғана қаралып жатқан сотта жағдайы күрт нашарлаған ұстазды ауруханаға алып кетті. Қорғаушының айтуынша, тепкіге түскен мұғалім әлі толық сауықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында оқушының ата-анасынан соққы жеп, шағымы бір жылдан соң ғана қаралып жатқан сотта жағдайы күрт нашарлаған ұстазды ауруханаға алып кетті. Қорғаушының айтуынша, тепкіге түскен мұғалім әлі толық сауықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қылмыстық істің осы жолғы отырысында шағымданушы тараптың қаржылық шығыны талқыланды. Мемлекеттік айыптаушы Гүлзира Байділдаеваның қандай аурухана, қай дәрігерге қашан барғаны және қанша ақша жұмсағанына дейін тәптіштеп сұрады.

"Сіз сөзімді бөлмесеңіз екен, прокурор мырза. Ешкімге халықаралық іздеу салып, жер аударып жіберудің қажеті жоқ. Бірақ Іле аудандық Ішкі істер бөлімі мен прокуратураның арасы таяқ тастам жер болса, аталмыш іс неге екенін, тым ұзаққа созылып кетті", - деді адвокат.

"Кенен Әзірбаев атындағы № 15 мектептегі орын алған шулы оқиғаны сыртқа шығармау үшін мектеп директоры мұғалімдерге қысым көрсетті. Басшылардың үздіксіз қысымынан жұмыстан шығуға мәжбүр болдым", - деді зардап шеккен мұғалім.

Жәбірленуші тарап материалдық шығын ретінде 1,4 миллион, келтірген моральдық залал ретінде 3 миллион теңге талап ете отырып, күдіктіні заңмен жазалауды сұрады. Алайда күдікті Надежда Митрешенко істі медиациялық әдіспен шешуді ұсынып, талап етуші тарапты аяқ астынан келісімге шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети