23 мамыр 2016 14:25

Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, Жамбыл облысымен шектесетін аймақта 23 мамырда таңғы уақытта Ford Focus және Honda көліктері соғысып қалған. Жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл аудандық Орталық ауруханасындағылар 23 мамырда жол апатынан зардап шеккен екі адамның түскенін және олардың ауыр жағдайда жатқанын растады. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети