31 тамыз 2017 | 13:41

Алматы облысында төрт қыз мінген көлік бетон қабырғаға соғысты: Екеуі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында төрт қыз мінген көлік бетон қабырғаға соғысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында төрт қыз мінген көлік бетон қабырғаға соғысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

29 тамызда, сейсенбіде Құлжа тасжолында 19 жастағы үш қыз Chevrolet Aveo маркалы көлікпен келе жатып, жол апатына ұшыраған. Олар жолдан шығып кетіп, бетондалған қабырғаға соғылған.

Облыстық прокуратура өкілдері жол-көлік оқиғасы дерегін растады. Жолаушы екі қыз оқиға орнында қаза тапқанын мәлім болды. Жүргізуші қыз бен тағы бір жолаушы қыз аман қалған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алматыдан 100 шақырым жердегі Қаратұрық ауылының маңында болған. Зардап шеккен үш қыз да 1998 жылғы.

Шелек аудандық ауруханасындағылар 29 тамызда таңғы уақытта 1998 және 1997 жылғы екі қыздың "миы шайқалған" деген диагнозбен түскенін айтты. Олар ауруханада жатудан бас тартқан. 

Дереккөздің мәліметінше, қыздар Алматы қаласында тұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети