13 ақпан 2017 | 23:24

Алматы облысында із-түссіз жоғалған кәсіпкер әлі табылған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Харланов Валерий Харланов

39 жастағы Валерий Харлановты туыстары 70 күннен бері шарқ ұрып іздеп жүр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

39 жастағы Валерий Харлановты туыстары 70 күннен бері шарқ ұрып іздеп жүр, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

Жоқ іздеушілер тіпті Алматы маңындағы ауыл-аймақтар мен саяжайларды да түгел тінтіп шығыпты. Мәйітханалар мен ауруханаларды да аралап көрген. Бірақ базарда көліктің қосалқы бөлшектерін сататын азаматты көрдім деген жан жоқ. Табандарынан таусылған туыстарының тәртіп сақшыларынан да көңілі қалған. Өйткені Харлановтың жоғалғанына 2 айдан асса да, оның араласатын достары мен көршілерінен жауап алынбапты. Ал көлік ішінен табылған қан іздері де кімге тиесілі екені белгісіз дейді.

"Тергеу құпиясы деп полицейлер бізге ештеме айтпайды. Бауырымды іздеп те жатқан жоқ. Жоғалғанына 70 күн болса да сараптама қорытындысы дайын емес", - дейді Харлановтың ағасы Александр Бочаров. 

Еске салайық, Валерий Харлановқа туыстары 5-ші желтоқсан күні іздеу салған болатын. Алматыдағы базарлардың бірінде сауда жасайтын азаматты біреулер өз көлігінде ұрып-соғып, белгісіз жаққа алып кеткен екен. Туыстары қастандық қылуы мүмкін деген азаматтардың аты-жөнін полицейлерге айтып берген. Бірақ күдіктілер әлі ұсталған жоқ.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети