02 қыркүйек 2019 10:28

Алматы облысында зауытта жарылыс болған сәттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында зауыттардың бірінде болған жарылыс бейне бақылау камераларының объективіне түсіп қалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында зауыттардың бірінде болған жарылыс бейне бақылау камераларының объективіне түсіп қалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Газбетонды блоктарды өндіру зауытында болған оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Жарылыс болған уақытта бейнебақылау камералары әр түрлі ракурстан түсіріп алған. Видеода - цех құбыры құлаған үйдің ауласы түсірілген. Оқиғаның бірінші секундтарында ештеңе болмаған. Ары қарай - жарылыстың сәті түсірілген.

Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp-номіріне +7 777 001 44 99 видео жіберген.

Еске салсақ, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Мәліметтер бойынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болған. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цехтың жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

посёлок Райымбек. Кто в курсе?

Публикация от DOROGI ALMATY 24/7????????____ (@dorogi_almaty_official)

Жарылыс болған жерден 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, оқиға орнынан әр түрлі дене жарақатын алған үш адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан цех аумағында тұрған Мерседес МЛ-300 және Тойота Авенсис автокөліктері бүлінген.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі. Жарылыс салдарынан бүлінген үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар кәсіпорын қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Жұмыс 2-3 күн ішінде аяқталуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети