20 қыркүйек 2018 18:24

Алматы облысындағы Gelandewagen-дер кортежі: Жүргізушілер жазаланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Құлжа тасжолында жолда жүру ережесін бұзған Gelandewagen кортежінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД мамандарына сілтеме жасап. 


Құлжа тасжолында жолда жүру ережесін бұзған Gelandewagen кортежінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД мамандарына сілтеме жасап. 

Кортеждегі барлық жүргізушінің кім екені анықталды. Олар өрескел ереже бұзушылық үшін әкімшілік заңнаманың үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. 

"Куәгерлер түсіріп алған видео назарға алынды және зерттелді. Үйлену тойдың кортежі 19 қыркүйекте Кұлжа тасжолы арқылы өткені анықталды. (Алматы-Көкпек-Көктал автожолы). Ал оқ атуға қатысты айтатын болсам, кортежді ұйымдастырушылар тойларында осындай шулы эффект қарастырылатын халықтардың өкілі. Ал шын мәнінде атыс болды ма, әлде бұл отшашу дауыстары ма - қазір анықталып жатыр", - деді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Мұның алдында Алматы шетінде жол қозғалысы ережелері бұзған ондаған көліктен тұратын кортеж видеоға түсіп қалғаны хабарланған. Кортежді куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, бұл оқиға Құлжа тасжолында болған. Видео кадрларынан кортеждің өте баяу келе жатқанын, сондықтан көлік қозғалысының қиындағанын көруге болады.

Сондай-ақ, кортеж жүргізушілерінің қарсы жолаққа шығып кетіп, бір-бірінің соңынан қуып келе жатқаны түсірілген. Сол кезде терезелердің бірінде біреудің қолында тапаншаға ұқсас заттың болғаны байқалады. Кейіннен видеода оқтың атылған дауысы естіледі. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Очевидцы сняли гулянку на видео, гулянка со стрельбой на Кульджинке

Публикация от @kris_p_almaty Official ???????????????? (@kris_p_almaty)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети