26 сәуір 2017 00:11

Алматы орталығында жарысқан көліктер соғысып тынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда BMW спорт купесі жол апатына түскеннен кейін арықтың үстінде ілініп қалды , - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Алматыда BMW спорт купесі жол апатына түскеннен кейін арықтың үстінде ілініп қалды , - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Төле би көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі басқа көлікпен жарысқан. Осы сәтте олардың алдына Toyota Camry шыға келген. BMW жүргізушісі оны сырып өтіп, тізгінге ие бола алмай, үлкен жылдамдықпен жол жиегіне шығып кеткен. 

Оқиғаның салдарынан ВMW жүргізушісі зардап шекті. Жедел жәрдем келіп, жүргізушіге көмек көрсетті, алайда ол ауруханаға барудан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети