Алматының орталығында кеңселік бөлме өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап. Өрт туралы хабар Алматы қаласының ТЖД-ның "101" пультіне 12.58-де түскен.

Өрт Төле би көшесіндегі № 45 көпқабатты ғимараттың бірінші қабатында болған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына үш минуттың (13.01) ішінде жеткен. "Өрт 13.09-да ауыздықталып, 13.19-да толығымен сөндірілген. Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құраған. Ғимараттан 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Осыған дейін Алматыда орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шыққан болатын. Емцов көшесінде орналасқан "Лейла" дәмханасында өрт шықты деген хабар Алматы қаласының ТЖД "101" пультіне 04.12-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес минуттан соң ақпаратты растады. Бірінші қабат пен екінші қабаттың арасындағы жабынды өртенген. Өрт сөндірушілер өрттің екі метр жерде ағаштан жасалған ғимаратқа тарауына жол бермей, дер кезінде әрекет жасаған.