Алматының Бостандық ауданында дөнер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Өрт осы түні Марков көшесінің бойында болған.
Алматының Бостандық ауданында дөнер сататын дүңгіршек өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап. Өрт осы түні Марков көшесінің бойында болған.
"12.03.2017 жылы 03.15-те Алматы қалалық ТЖД 101 пультіне куәгерлер Бостандық ауданы Марков көшесінде дөнер асханасы өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт сөндірушілер 03.23-те жеткен. Өрт сөндірушілер келгенде жағдай мынадай болған: "Салауат" дүкенінің жанында орналасқан дөнер кафесі өртеніп, өрт дүкеннің шатырына көшкен", - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт сөндірушілер дүкеннің шатырына көшкен өртті тоқтатқан. 03.33-те өрттің жайылуы тоқтатылып, 03.55-те толығымен сөндірілген. Өрт аумағы - 90 шаршы метр. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.