Алматы саябағынан асулы күйінде табылған адам әскери болып шықты

23 Қыркүйек 2015, 13:08
0
Алматы саябағынан асулы күйінде табылған адам әскери болып шықты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматы саябағынан асулы күйінде табылған адам әскери болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство қаза болған ер адамның Алматыдағы әкери бөлімшелердің бірінде келісімшарт бойынша сержант болып қызмет еткенін хабарлады.

"Біз оның келісімшарт бойынша қызмет еткен әкери екенін растай аламыз, ол сержант. Біздің әскери қызметкерлеріміз ол жұмысқа келмегеннен кейін іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Оны тапқан да біздің қызметкерлер. Ол келісімшарт бойынша жұмыс істеді", - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әскеридің қалтасынан оның өлер алдында жазған хаты табылған.

"Ол өмір сүруден жалыққанын және өлімі үшін ешкімді кінәламайтынын жазған. (...) Өз-өзіне қол салған жігіт армияны кінәлаған жоқ. Ол мүлдем басқа жағдайларды кінәлаған. Ол достарының оны сатып кеткенін баяндап, әкесіне мінездеме беріп, оның әйелқұмар екенін айтқан", - деді болған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Бостандық ауданынан ер адамның асылып қалған күйі табылғаны хабарланған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай