06 қараша 2016 | 20:26

"Алматы Тауэрс" ғимаратының банкет залынан 200 адам қауіпсіз жерге көшірілді - куәгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы Тауэрс" ғиаратында орналасқан "Grand Hall" банкет залының қызметкері өрт шыққан кещдегі жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы Тауэрс" ғиаратында орналасқан "Grand Hall" банкет залының қызметкері өрт шыққан кещдегі жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Радмир есімді жігіттің айтуынша, өрт 18.00-де шыққан. "Біз өрт болған жерден бір қабат төмен жердегі "Grand Hall" банкет залында жұмыс істеп жатқанбыз. Түтіннің иісі шыға бастады. Күзетші жүгіріп келіп, былай деді: Тезірек сыртқа шығыңыздар, бізде өрт шықты. Барлығын эвакуациялады - шамамен 200-дей адам бар етін. Сыртқа шықтық, сонда көргеніміз алапат өрт болды", - деді ол.  

Жігіттің айтуынша, олар банкеттік шараны аяқтап үлгермеген. Олар сондай-ақ өздерінің заттарын алып үлгермеген, себебі оларға тезірек ғимараттан шығу керектігін айтқан. 

Осыған дейін, "Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Қалалық  ТЖД-нің мәліметінше, 18.04-те "101" пультіне Бостандық ауданы Байзақов көшесі 280 үйде өрт шықты деген хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, өрт сөндіру шаралары басталған. Толық мәліметтер кейінірек хабарланады. "Өрт сөндірушілер келген уақытта жағдай былай болған: бесқабатты ғимараттың шатыры (кровля) ашық өртеніп жатқан, өрттің бір қабат төмен орналасқан мейрамханаға жайылып кету қауіпі бар. 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген", - деді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети