Алматы тауларында екі бірдей қар көшкіні болды

21 Қараша 2015, 15:52
0
Алматы тауларында екі бірдей қар көшкіні болды - © Lightsup.ru
© Lightsup.ru

Кіші Алматы өзенінің бассейнінде екі бірдей қар көшкіні болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Қазселденқорғау" ММ мәліметі бойынша, 20 қарашадағы қар көшкінінің көлемі 250 текше метр болды. "Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Көшкін жолға дейін жеткен жоқ, шығын болмады. Алдағы жауын-шашынға байланысты Алматы облысында 21-22 қараша күндері қар көшкіні қаупі сақталады. Халықтан таулы жерлерге жақындамауды, абай болуды өтініп сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, ТЖД Алматының таулы аудандарында 19-20 қарашада болуы мүмкін қар көшкініне байланысты ескерту жариялаған болатын. "Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" ақпараты негізінде ескерту жариялайды! Алматы облысындағы таулы аудандарда күннің жылуына байланысты 2800 метрден төмен жерлерде 19-20 қараша күндері қар көшкіні болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада. Осыған байланысты Алматы тұрғындары, қонақтары мен туристерге таулы жерлерге бармауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берілді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай