30 шілде 2014 11:35

Алматы тауларындағы өрт ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алматы облыстық ТЖД ©Алматы облыстық ТЖД

Алматы тауларындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Алматы тауларындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Соңғы ақпарат бойынша, тауда өрттің ашық ошақтары жоқ. Жалын 8 гектар ауданды шарпыған, орманды алапқа от тимеген. Оқиға орнында өртсөндірушілер мен "Іле Алатауы" МҰТС қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы маңындағы тауларда өрт 26 шілде күні басталды. Оқиға аймағында өртке қарсы қызмет жетекшілерінің штабы мен медициналық тұрақ орналасты. Полиция қауіпті аймақтан барлық көлік құралын шығарды. Таудағы өртті сөндіруге 622 адам, 98 арнайы автокөлік, үш тікұшақ пен бір ұшақ жұмылдырылды.

"Тікұшақтардың құрылғыларымен үш текше метрден 83 рет су шашылды. Барлығы 249 тонна су кетті, тағы тоғыз тонна су қол қоржынынан су шашуға жұмсалды. Күл-қоқысты төгуге, минералданған желілерді көмуге, қол суқоржынынан су шашуға Алматы облыстық және Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменттерінің өртсөндіру қызметінің жеке құрамынан, Іле Алатауы саябағынан 299 адам қатысты", - дейді департамент мамандары.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети