Алматы түбінде апат болған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр

10 Тамыз 2017, 11:54
0
Алматы түбінде апат болған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр -

Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясына тиесілі ұшақ апатқа ұшыраған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге 09:56-да хабар түсті. Оқиға орнында ТЖ қызметкерлері, Қаскелең қаласының № 1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі адам қаза тапты", - деді Алматы облыстық ТЖД өкілдері. 

Еске салайық, Алматы түбінде ұшақ құлады. Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапты. 

Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те "Технам 2002" әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған. 

Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай