14 мамыр 2017 15:12

Алматы түбінде жол апаты болды: 4 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда Toyota Camry көлігі FAW жүк көлігін соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Салдарынан төрт адам зардап шекті. 


Алматыда Toyota Camry көлігі FAW жүк көлігін соқты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Салдарынан төрт адам зардап шекті. 

Жол-көлік оқиғасы Шығыс айналма жолында Төле би көшесінен төмен тұста болған. 

Куәгерлердің айтуынша, соғысқан көліктің барлығы солтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан, ал FAW көлігі тоқтап тұрған. Ондағы адамдар гүлдерді суарып жатқан. 

Осы кезде солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Camry жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, белгісіз себептермен Volkswagen Passat көлігін соққан, ол өз кезегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. 

Салдарынан төрт адам зардап шекті. Олар түрлі деңгейдегі жарақатымен аураханаға жеткізілді. Олар Toyota Camry көлігінде отырған екі адам және FAW жүк көлігіндегі екі адам. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Суреттер: "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети