Алматы түбінде өлі табылған қыздың неден қаза тапқаны анықталды

27 Қазан 2017, 08:56
0
Алматы түбінде өлі табылған қыздың неден қаза тапқаны анықталды - ©  "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

27 қазанға қараған түні Қапшағай тасжолының 19-шы шақырымында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Белгісіз маркалы автомобиль жүргізушісі жарықтандырылмаған жерде қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Кейінірек жол үстінде жатқан қызды Mercedes жүргізушісі тағы да қаққан. Неміс көлігінің иесі тоқтаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны ұстаған. 

Қайтыс болған қыздың жасы анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз мас күйде болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай