Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы түбіндегі CRJ-200 ұшағы апатын тергеу аяқталды

02 Наурыз 2015, 19:19
0
Оқиға орны. ©Тengrinews.kz
Оқиға орны. ©Тengrinews.kz

Мемлекетаралық авиация комитетінің арнайы комиссиясы Алматы түбінде апатқа ұшыраған CRJ-200 жолаушылар ұшағына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтары күні болған еді, Көкшетаудан Алматыға ұшқан 21 адам қаза тапты. 

Алматы түбіндегі әуе апаты туралы түпкілікті есептің жобасы CRJ-200 ұшағын жасаушы ел - Канадаға және ұшақ двигателін өндіруші мемлекет - АҚШ-қа жолданған еді. Инвестициялар және даму министрлігі әуе апатын тергеудің өте қиын болған себебі экипаждың екінші курсқа өтуге қажетті барлық әрекетті не себепті орындамағанын анықтау қажеттілігіне байланысты екенін түсіндірді. Осы себепті кешенді сот-медицина сараптамасы жүргізілді, ол апат кезінде экипаждың әр мүшесінің қай жерде болғанын анықтады. 

Еске салайық, Алматы түбіндегі әуе апаты әуежайға жақын маңдағы Қызылту елді мекені аумағында болды. Экипаждың бес мүшесі мен 10 жолаушы қаза тапты, олардың арасында екі жасар сәби де болды. Тергеудің алдын ала нәтижелеріне қарағанда, ұшақтың техникалық жағдайы қалпында болған. Оның отынының да жеткілікті болғаны анықталды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай