05 қаңтар 2020 16:26

Алматы тұрғыны отбасылық жұпты ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық тұрғын үй кешенінде отбасылық жұпты ұрып-соқты. Қалалық полицейлер шабуыл жасады деген күдікпен ер адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық тұрғын үй кешенінде отбасылық жұпты ұрып-соқты. Қалалық полицейлер шабуыл жасады деген күдікпен ер адамға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 1 қаңтарда таңғы алтыда Алматыдағы Тілендиев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің 12-ші қабатында болған. 25 жастағы жігіт ер адамды ұрып-соғып, сосын әйеліне шабуыл жасаған. 

"Сол күні-ақ күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабына сәйкес іс қозғалды. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция бөлімінің мамандары оның неліктен мұндай қадамға барғанын анықтап жатыр", -деді Алматы ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полициядағылар сот медициналық сараптама тағайындалғанын және соның нәтижесінде нақты процессуалдық шешім шығарылатынын айтты. 

Осыған дейін шабуыл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған еді. Зардап шеккендердің туыстары күдіктінің "Жағалау" ТК-де күзетші болып жұмыс істейтінін айтқан. Зардап шеккен ер адам қазір ауруханада ауыр халде жатыр, ал оның жарының миы шайқалған. Бірақ әйел ауруханаға жатудан бас тартқан, себебі оның емшектегі баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети