26 мамыр 2017 14:17

Алматы облысында Жаркентке жақын ауылдарды су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен Сурет Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Нөсерлеп жауған жаңбырдың салдарынан Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары зардап шегіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Нөсерлеп жауған жаңбырдың салдарынан Алматы облысы Панфилов ауданының тұрғындары зардап шегіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Таулы аймақта 25 мамырда жауған жаңбыр Көктал ауылының маңындағы каналдардың суы тасуына себеп болды. Су тасқыны салдарынан 46 аулалы жер мен 11 тұрғын үйді су басқан. ТЖД жасақтары, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су басқан аумақтардан су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта су тасу қауіпі жоқ.

"Кеше  сағат 17.00-мен 18.30 аралығында таулы аймақта жаңбыр жауып, Әулиеағаш ауылын су басты. Су тасқыны салдарынан жеті аулалы жер мен бір тұрғын үйді су басты. Көшелер мен аулалы жерлерден су сору жұмыстарына Алматы облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамның тоғыз адамы мен бір арнайы техника мен бір мотопомп жұмылдырылған. Сондай-ақ, атқарушы органдардан төрт адамы және екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов.

Тұрғылықты жайлар мен ғимараттардың бұзылғаны тіркелмеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети