Алматыдағы "Самал" ықшамауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматыдағы "Самал" ықшамауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
"2017 жылдың 26 маусымында сағат 08.57-де Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 101 пультіне Медеу ауданы, Самал-1 ықшамауданы, №23 үйдің 6-қабатында балконның өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 09.05-те барды. Олар барғанда 6-қабаттағы балконнан шыққан өрт 7-қабаттың балконына жетіп жатты", - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
© Денис Середин
Cондай-ақ, өртті сөндірумен қатар бір уақытта адамдарды құтқару керек болғаны айтылады. Тұрғын үйден 60 адам эвакуацияланды, олардың 12-сі - балалар. Төтенше жағдайдан екі пәтер бүлінді.
"Өрт жарты сағатта 09.37-де сөндірілді. 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді қалалық ТЖД өкілдері. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін "Самал" ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққаны жайлы хабарланған болатын. "Медеу ауданы, "Самал-1" ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, №23 үй. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 12 қабатты үйдің 6-шы қабатында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Адамдар эвакуацияланып жатыр", - деген еді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, өрт жоғарғы қабаттарға дейін жеткен.
Куәгерлер жолдаған видео.
Куәгерлер оқиға орнынан видеолар жіберіп жатыр. Өрт сөндіру көліктері мен полицейлер де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.