09 ақпан 2016 16:03

Алматыда 14 көлікті сүйреп өткен трамвайдың жарамсыз болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 14 көлікті сүйреп өткен трамвайдың жарамсыз болғаны сараптама қорытындысында анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Еске салайық, оқиға 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. "Алматыэлектркөлік" трамвай депосының механигі Николай Никоненко мен трамвай жүргізушісі Елена Стекольникова және көмекші Ирина Чучкалова сот алдында жауап беру үстінде.


Алматыда 14 көлікті сүйреп өткен трамвайдың жарамсыз болғаны сараптама қорытындысында анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews TV. Еске салайық, оқиға 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. "Алматыэлектркөлік" трамвай депосының механигі Николай Никоненко мен трамвай жүргізушісі Елена Стекольникова және көмекші Ирина Чучкалова сот алдында жауап беру үстінде.

Сот сараптамасының қорытындысын Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры Везир Мирзоев жария етті. Ондағы мәліметтер бойынша, көлік құралының тежегіші істен шыққан. Бұл ақаудың жол-көлік оқиғасының алдында болғаны айтылады.

Сонымен қатар, сотта трамвай стажері Елена Каримовадан жауап алынды, ол жол-көлік оқиғасы болатын күні емтихан тапсырып жатқан. Одан емтиханды жүргізушілердің тәлімгері Ирина Чучкалова қабылдаған. Онымен бірге салонда трамвай жүргізушісі, сотталушы Елена Стекольникова да болған.  

Оның айтуынша, Наурызбай көшесінің маңында вагон тоқтап қалған. Осы сәтте трамвайдың моторсу коробкасының түтіндегені анықталады. Әйелдер жолаушыларды салоннан түсіріп, коробканы өрт сөндіру құралымен сөндіре бастаған. Осы кезде, Каримованың айтуынша, оларға полиция қызметкері келіп, көлік құралын жолдан алып тастауды сұраған. Чучкалова мен Каримлва трамвайдың тежегішін алып тастаған кезде, Стекольникова тізгінінде болған трамвай жүріп кеткен. Алайда бірнеше секунд өткеннен кейін ол көлік құралының тежегіші істен шыққанын айғайлап айтқан. Әйелдер трамвайды қуып жете алмай қалған.

Еске салайық, механик Никоненко көлік құралын жөндеуден сапасыз өткізген немесе техникалық ақаулары бар көлікті пайдалануға шығарған деп айыпталып жатыр, бұл айып Чучкаловаға да тағылып отыр. Мұнымен қатар, Чучкалова мен жүргізуші Стекольникова жол-қозғалысы ережесін бұзып, денсаулыққа ауыр деңгейде зиян келтірді деп айыпталып жатыр. Сотталушылар кінәсіз екенін айтуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети