24 шілде 2017 14:29

Алматыда 16 жастағы семсерлесуден спорт шеберіне үміткер қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы семсерлесуден спорт шеберіне үміткер қыз Анастасия Смирнова 23 шілдеде досымен кездесуге шығып, хабарсыз кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


16 жастағы семсерлесуден спорт шеберіне үміткер қыз Анастасия Смирнова 23 шілдеде досымен кездесуге шығып, хабарсыз кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Анастасия Смирнова жексенбіде, 23 шілдеде Қырғызстанда семсерлесуден жарыстан келіп, досымен кездесуге шығып, үйіне оралмаған. Туыстарының айтуынша, соңғы қоңырау "Сайран" автовокзалының аумағынан шалынған. 

"Кеше таңғы 8-де досымен шығып кетті, - дейді спортшының әпкесі Елизавета Смирнова. Ол оның жігіті не жай досы екені белгісіз. Біз бір сағаттай аулада отырып, қайтар деп ойладық. Қарасақ, ол көрінбейді. Қоңырау шалдық, оның телефоны сөндірулі. Біз оның досының үйіне бардық, ол жақта да болмай шықты. Кешке дейін, табылар дедік, бірақ табылмады. Полицияға арыз бердік. Оның соңғы кезде қайда болғанын полицейлер анықтай алмады, сим-картаны лақтырып тастаған секілді. Досының ірі көлемдегі ақшасы болатын, шамамен миллион теңге. Біздің қызымыз семсерлесуден спорт шеберіне үміткер. Ол өзімен сөмкесін алып кетіпті, біз оны бірден байқамадық. Киімдерінен ештеңе жоғалмаған. Кеше ол Instagram желісіндегі парақшасында Шымбұлақта жүрген суретін жариялады, бірақ бес минуттан соң өшіріп тастады". 

"Біз баланы бірнеше рет көргенбіз, ол бізге жақсы болып көрінді. Мен ол туралы сұрастыра бастадым, ол нашар жігіт болып шықты. панасыздар есебінде тұрады екен. АІІБ бөліміне бардық, оның әкесі келді. Баланы да іздестіріп жатыр, бірақ оны іздеп ешкім арыз жазбапты", - деді қыз.

"Біздің қызымыз сол жігітпен қашып кеткен секілді. Анам кеше кеші 6-лар шамасында хабарлама қалдырды, ол оқыды бірақ жауап қайтармады. Осы кезде ол "Сайран" аумағынан қоңырау шалды, бұл олардың телефоны арқылы соңғы мәлімет", - деді Елизавета. 

Спортшының туыстары Анастасия Смирнованың қайда жүргені туралы мәлімет болса, мына нөмірге хабарласуын сұрайды: +7 707 430 44 26.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети