17 қараша 2016 15:20

Алматыда 22 жастағы жігіт жаппай төбелестен қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Нұрбол Мұқанов Қайтыс болған Нұрбол Мұқанов

Алматыда асфальт-битум зауытының маңында болған жаппай төбелестің куәгерлері іздестіріліп жатыр, сол төбелесте 22 жастағы жігіт қаза болған. Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан Нұрбол Мұқановтың ағасы - Руслан Әлімбаевтың айтуынша, оқиға 11 қарашада түс мезгілінде Бөкейханов көшесінде болған. Бір нұсқа бойынша, жігітті ұрып, жүк көлігінің астына итеріп жіберген. 


Алматыда асфальт-битум зауытының маңында болған жаппай төбелестің куәгерлері іздестіріліп жатыр, сол төбелесте 22 жастағы жігіт қаза болған. Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан Нұрбол Мұқановтың ағасы - Руслан Әлімбаевтың айтуынша, оқиға 11 қарашада түс мезгілінде Бөкейханов көшесінде болған. Бір нұсқа бойынша, жігітті ұрып, жүк көлігінің астына итеріп жіберген. 

"Түс кезінде ол әріптестерімен мешітке баратын болған. Жарты жолда оның қасындағы бір жігіт олдардан кездесуге баруды сұраған. Ол көліктен шығып, сөйлесуге жалғыз барған. Бір кезде екінші жақтан тағы адамдар қосылып, жанжал шыққан. Көлікте отырған жігіттердің барлығы (оның ішінде менің інім де бар) шығып, ажыратуға көшкен. Біздің мәліметімізше, ол ажыратып жатқан уақытта оны ұрып-соғып, жүк көлігінің астына итеріп жіберген", - деді Әлімбаев.

Кейін куәгерлердің бірі осы оқиғаны видеоға түсіріп алғаны белгілі болды. "Видеожазбада ЗИЛ көлігінің өтіп бара жатқанын байқауға болады, алайда менің інім оның шет жағында жатыр. ЗИЛ ары қарай кеткен уақытта інімнің танысы Нұрболды басқа жаққа апарған. Жүк көлігінің жүргізушісі де ештеңе білмейді, ештеңе сезбедім дейді. Әзірше дым да түсініксіз. Қазір біз сараптама қорытындысын күтіп отырмыз, шамамен ол бір айға созылады екен", - деді ер адам.

Оқиғаның қандай да бір мәліметін білетін куәгерлер болса, мына нөмірлерге хабарласу сұралды: 8 701 600 0822, 8 708 252 1983 және 8 707 322 27 57 Руслан. 


Нұрбол Мұқанов. Туыстары жолдаған сурет

Сонымен қатар, Алматы ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта іс материалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай реестріне тіркелген. Жігіттің нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама қорытындысы анықтайтын болады. Ұсталғандар туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети