12 маусым 2017 21:30

Алматыда 35 жастағы әйел оқушы баланы оңдырмай сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өз баласын қорғамақ болған 35 жастағы әйел бөтен баланы үйінің ауласында сабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда өз баласын қорғамақ болған 35 жастағы әйел бөтен баланы үйінің ауласында сабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелген. Полициядағылар оқиғаның 6 маусымда болғанын айтып берді. 10 жастағы бала соққыға жығылған. Оны 13 жастағы баланың шешесі ұрған. Әлеуметтік желілерде видеобақылау камерасына түсірілген видео пайда болды. 

Ролик авторының айтуынша, балалар бастапқыда төбелесіп қалған, осыдан кейін біреуінің шешесі жанжалға араласқан. 

"2017 жылдың 6 маусымында бұл дерек тіркеліп, Әуезов аудандық ІІБ ЖПҚ учаскелік инспекторының өндірісіне берілді. Баланың алған жарақатының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы алынғаннан кейін 1982 жылғы азаматшаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданады", - деді ІІД өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети