Алматыда 5 көлік соғысып қалды

01 Маусым 2016, 17:34
0
Алматыда 5 көлік соғысып қалды - © "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыда бес көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.

Жол апаты Науаи көшесінде Фестивальная көшесінен жоғары тұста болған. Телеарна тілшісінің айтуынша, оңтүстік бағытта Mazdа, артынан Toyota RAV4, ал оның артынан "ГАЗель" келе жатқан. Көліктің барлығы жаяулар жолынан өтіп бара жатқан адамды өткізу үшін тоқтайды.

Осы сәтте Toyota Prado "ГАЗель" соқтығысып, қарсы бағытқа ұшып кетеді. Содан батыс бағытта жүріп бара жатқан Toyota Avensis көлігімен соқтығысады. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатының салдарынан бір қыз зардап шекті.


© "Территория происшествий"

Еске салайық, 1 мамырда салоннан жаңа шыққан Hyundai жол апатына ұшырады. Оқиға "Шаңырақ-2" ықшамауданында болды. Audi жүргізушісі Жаңажол көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Жанқожа батыр көшесіндегі бағдаршамда Hyundai солға қарай оңтүстікке бұрылмақшы болғанда, Hyundai жүргізушісі Audi көлігін өткізбей, нәтижесінде Hyundai көлігімен соқтығысып, соққыдан екінші көлік аударылып кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай