05 тамыз 2016 09:56

Алматыда 8 ықшамауданның тұрғындары суық сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматыдағы Әуезов ауданында сауда орталығының құрылысы жүріп жатқанда магистраль құбыры бұзылып, сегіз ықшамауданның тұрғындары суық сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу холдингі" МҚҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Алматыдағы Әуезов ауданында сауда орталығының құрылысы жүріп жатқанда магистраль құбыры бұзылып, сегіз ықшамауданның тұрғындары суық сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу холдингі" МҚҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысының маңында орналасқан диаметрі 500 миллиметр құбыр желісі шамамен сағат 21.00-де бұзылған. Алдын ала мәлімет бойынша, су құбырының маңына осыдан бірнеше апта бұрын орнатылған су таратқышы қойылған жерге шұңқырдағы топырақ опырылып түскен. Опырылған топырақтың салдарынан құбыр жарылып кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта 1, 2, 3, 4, 7, 8, 9 және 10 ықшамауданның тұрғындары суық сусыз қалды. Айта кетейік, ықшамауданның тұрғындарына суық су 5 тамызда беріледі деп жоспарланып отыр. 

Суық сусыз қалған тұрғындар редакциямызға болған апат жайлы хабарлаған болатын. Олар төтенше жағдайдың суреттері мен видеоларын жолдады.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК өкілдерінің мәліметінше, төтенше жағдай орнында 600 диаметрлі су құбыры бұзылған. "Салынған ғимараттағы жертөленің біраз аумағы мен жаңа салынып жатқан нысандардағы шұңқырды су басты. Төтенше жағдайды тоқтату жұмыстары жүріп жатыр. Жеке құрамнан сегіз адам мен Өрт сөндіру және қалалық ТЖД апаттық-құтқару қызметінің екі дана техникасы, "Алматы жылу холдингі" МҚҚ қызметкерлерінің 15 адамы мен үш дана техника, Алматы-109 құтқару қызметінің тоғыз адамы, "Метрополитеннің" 6 адамы мен бір мотопомп жұмылды", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети