Алматыдағы Сейфуллин мен Жұмабаев көшесінің қиылысында орын алған жол көлік апаты кезінде 9 жастағы баланың аяғын автобус басып өтті, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматыдағы Сейфуллин мен Жұмабаев көшесінің қиылысында орын алған жол көлік апаты кезінде 9 жастағы баланың аяғын автобус басып өтті, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
№18-ші бағытының автобус жүргізушісі ұл баланың екі бірдей аяғын басып кеткен. "Бұл оқиға Түрксіб ауданы аумағында тамыздың 4-і күні сағат 17.30-да болған. 1967 жылы туған жүргізуші есікті ашық қалдырғандықтан ұл бала автобустан құлап кетіп, көліктің арты дөңгелегінің астында қалған. Жарақаттанған бала қазір №1 ауруханада жатыр", - деді Әзірбек.
КТК телеарнасы анықтағанындай, ұл бала автобус салонына кіре бергенде жүргізуші есікті жаппастан кенеттен жүйтки жөнелгенде кішкентай жолаушы автобустың астында қалып қойған. Сол сәтте автобус жүргізушісі балаға медициналық көмек көрсетудің орнына, өзін ақтаумен болды. "Мен оның қалай құлап қалғанын байқамай қалдым. Алдымен артқы терезеге қарадым да, содан кейін оң қапталдағы айнаға қарадым. Мен сол кезде ғана ұл баланың дөңгелек астында жатқанын көрдім. Шынын айтсам өзім де түсінбей қалдым не болғанын", - деді өз өзін ақтамақ болған автобус жүргізушісі.
Балаға алғашқы медициналық көмекті көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар көрсеткен. Және олар баланы ауруханаға алып кеткенше бақылауда ұстады. Оқушыға ота жасалды. Дәл қазір бала өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың көп қан жоғалқанын айтып отыр.
<iframe width="420" height="315" src="//www.youtube.com/embed/C6fSRHMwq9w" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>
Қазіргі таңда "Жол жүру ережесі бұзылуына байланысты адам денсаулығына қауіп төндірілді" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші тергеуде.