Алматыда Audi жүргізушісі ер адамды қағып, мерт қылды

19 Шілде 2017, 08:09
0
Алматыда Audi жүргізушісі ер адамды қағып, мерт қылды - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Audi жүргізушісі Солтүстік айналма жолда ер адамды қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Audi жүргізушісі Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, "Сәлем" сауда орталығының тұсында жүргізуші өтуге рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жас шамасы 25-тегі жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.


© "Территория происшествий" бағдарламасы


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай