Алматыда Dostyk Plaza ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды

02 Қазан 2016, 14:56
0
Алматыда Dostyk Plaza ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды - Куәгер суреті
Куәгер суреті

Алматыда Dostyk Plaza ойын-сауық орталығының келушілерін эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның куәгерлері өздерінің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы болжаммен өрт шығуға байланысты ойын-сауық орталығының келушілерін жедел қауіпсіз жерге көшірілді деп жазған. 

Осыдан кейін ОСО Instagram желісіндегі ресми парақшасында мынадай ақпарат пайда болды: "Назара аударыңыздар! Dostyk Plaza ойын-сауық орталығында өрт сөндіру жүйесі іске қосылды. Келушілердің қауіпсіздігі үшін біз барлығын эвакуцияладық. Түтін және өрт шыққан жоқ. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Себептерін анықтап жатырмыз. Қазіргі уақытта сауда орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр!".

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай