Алматыда Lexus жаяу жүргіншіге арналған жолдың маңында ер адамды қағып өлтірді

11 Сәуір 2018, 10:51
0
Алматыда Lexus жаяу жүргіншіге арналған жолдың маңында ер адамды қағып өлтірді - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Lexus жаяу жүргіншіге арналған жолдың маңында ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға сәуірдің 11-не қараған түні Сүйінбай даңғылының бойында Бөлтірік шешен мен Сидоркин көшелерінің аралығында болған. Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі даңғыл бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде ер адам жолды қиып өтпекші болған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Өзімен бірге құжаттары болмаған, оның кім екені анықталып жатыр. 

Сондай-ақ оқиға болған жерде жерасты жаяу жүргіншіге арналған жол бар екені айтылады. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай