Алматыда Lexus жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді: Полицейлер іс қозғады

15 Наурыз 2018, 12:10
0
Алматыда Lexus жүргізушісі әйел адамды қағып өлтірді: Полицейлер іс қозғады - ©  "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматы ІІД өкілдері Дулати көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 15 наурызда таңғы 8.00 шамасында Бостандық ауданында болған

"1990 жылғы жүргізуші Lexus маркалы көлікті басқарып, Дулати көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Ер адам көлікті басқаруды игере алмай жол жиегінде кетіп бара жатқан 1985 жылғы әйелді қағып кеткен. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қаза болды", - дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Алматы ІІД анықтау басқармасы сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кеткені айтылады. Барлық қажетті шаралар жасалады және сараптамалар тағайындалған. 

 

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай