Алматыда Lexus жүргізушісі бір отбасыны қағып кетті

10 Шілде 2017, 09:50
0
Алматыда Lexus жүргізушісі бір отбасыны қағып кетті - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Lexus жүргізушісі бір отбасыны қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 9 шілдеде түнгі уақытта шамамен 23:00-де Момышұлы көшесінің бойында болған. Жеңіл көлік оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, "Алматы Арена" спорт кешенінің жанында жаяу жүргіншілерге арналған жолда төрт адамды қағып кеткен. 

Куәгерлердің айтуынша, жолды әйел адам мен баласы бірінші кесіп өткен, содан кейін ер адам қызымен өткен. Соңғыларын көлік қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1962 жылғы ер адам ауыр жарақатымен жақын жердегі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қызды қарап шыққан, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.  

Оқиғаның мән жайын полиция анықтайтын болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай