09 сәуір 2017 17:48

Алматыда Mitsubishi Pajero жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Жандосов және Береговой көшелерінің қиылысында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда Жандосов және Береговой көшелерінің қиылысында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жүргізушінің және көптеген куәгердің айтуынша, ер адам, болжаммен мас күйінде рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпекші болған. Осы кезде Береговой көшесімен қарама-қарсы бағытта Mitsubishi Pajero және тағы бір автомобиль кетіп бара жатқан. Жаяу жүргінші жолдың тура ортасында тұрған, бір мезетте ол автомобильден қорқып, екі қадам артқа шегінген. Сол кезде жол талғамайтын көлік ер адамды қаққан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

"Мен ештеңе істей алмадым, ол кенеттен пайда болды", - деді жол талғамайтын көліктің шамамен 20 жастағы жүргізушісі. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети