Алматыда Mitsubishi Pajero мен Lada соқтығысты

30 Мамыр 2018, 16:50
0
Алматыда Mitsubishi Pajero мен Lada соқтығысты - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Сейфуллин мен Майборода көшелерінің қиылысында болды. Lada және Mitsubishi Pajero маркалы көліктер соқтығысты. Бірінші көлік Сейфуллин мен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал жол талғамайтын көлік осы көшемен оңтүстікке қарай кетіп бара жатқан. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алдын ала болжам бойынша, Mitsubishi Pajero Майборода көшесіне солға бұрылмақшы болып, Lada көлігін жібермеген. Жеңіл көлік бар жылдамдығымен Mitsubishi Pajero автомобиліне соқтығысып, бір жәніне аударып тастаған. 

Жол апатынан екі адам зардап шекті - автокөліктердің жүргізушілері. Оларды ауруханаға жеткізді. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай