Алматыда Range Rover жүргізушісі Абай даңғылында артымен жүрген

16 Қазан, 15:57
0
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматыда 20 жастағы жігітке көлікпен артымен жүргені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желілерде таралған болатын. Полицияның мәліметінше, алматылық жүргізуші той кортежімен бірге Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан. 

"Қымбат көліктерден тұрған той кортежі қатысушыларының бірі жол қозғалысы кезінде қауіпті әрекеттер жасады. Ол Абай даңғылының бойымен артымен жүріп, оны видеоға түсірген. Видеоны Желіге өздері жүктеген. Видеобақылау камераларындағы материалдарды қарау барысында кортеждің бағыты толықтай қаралып, көліктің артымен жүрген сәті түсіп қалған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Семья Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers)

Кейінірек полиция ереже бұзушының аты-жөнін анықтады. Оның 1998 жылғы екені белгілі болды.

ІІД өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші үш ереже бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Алматылық жігітке қатысты үш хаттама толтырылды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-бөлігі ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару") (10 айлық есептік көрсеткіш), 595-баптың 1-бөлігі  (" Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау") (5 айлық есептік көрсеткіш) және 595-баптың 2-бөлігі бойынша ("Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру") (10 айлық есептік көрсеткіш)", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай