Алматыда Subaru жүргізушісі ірі жол апатын жасады

26 Қыркүйек 2016, 10:45
0
Алматыда Subaru жүргізушісі ірі жол апатын жасады - © motor.kz
© motor.kz

Алматыда бір-бірімен жарысқан көліктердің әрекеті соңында ірі жол апатына әкеп соқты, - деп хабарлайды Motor.kz. Басылымның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шаляпин мен Сайын көшелерінің қиылысында болған.

Асқан жылдымдықпен келе жатқан Subaru Legacy бағдаршамда тұрған Mitsubishi Pajero көлігінің сол жақ шетін қағып өткен. Содан Pajero жүргізушісі оның соңынан қуып кеткен. Бірақ көшенің келесі қиылысында Subaru жүргізушісі тұрған көліктердің оң жақ шетімен өтіп кетпек болып, нәтижесінде тізгінге ие бола алмай, алдында тұрған Honda CR-V көлігін соққан. Соққыдан Honda CR-V жолдың жиегіне ұшып кетіп, Nissan Almera көлігіне барып соғысқан. Содан Subaru көлігі тұрақта тұрған 7-сериялы BMW көлігіне барып аударылған. Жол апатының салдарынан Subaru көлігіндегі екі адам зардап шекті - жүргізуші мен жолаушы. Оқиға болған жерге келген дәрігерлер оларды ауруханаға жеткізді.


© Motor.kz.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай