Достық даңғылының бойында орналасқан ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Достық даңғылының бойында орналасқан ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
"Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған азаматты анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Өткен жылы осы секілді жалған хабарлама таратқаны үшін алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді С.Әзірбек.
Жарылғыш зат іздестірілген ақша айырбастау пункті Достық даңғылының бойында Қажымұқан көшесіне жетпей орналасқан. Ғимаратты полиция қоршауға алған, сонымен бірге ол жерге бірнеше өрт сөндіру тобы келген. Айта кетейік, ақша айырбастау пунктінің қасында Kaspi bank-тің бөлімшесі бар.