25 қазан 2016 10:42

Алматыда ақшаны заңсыз иемденген полиция подполковнигі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ақшаны заңсыз иеленген полицей қызметінен айырылып, оған айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.


Алматыда ақшаны заңсыз иеленген полицей қызметінен айырылып, оған айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Өзіне берілген қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін Алматы қалалық Медеу ауданының ІІБ жергілікті полиция қызметіндегі басшылардың бірі сотталды. Медеу аудандық прокуратура өкілдері жергілікті полиция қызметінің жұмысын тексеру барысында жергілікті полиция басшысының орынбасары Құрмашев К.Ж. есімді азаматтың Қырғызстан Республикасының азаматшасына тиесілі 1900 доллар мен 800 еуроны заңсыз иелену дерегі анықталды", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын Алматыдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіндегілер жүргізген.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында қызметкердің кінәсі толықтай дәлелденді. 2016 жылдың 17 қазанында Медеу аудандық  №2 соты Құрмашевты кінәлі деп танып, оған 600 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл тағылды. Сонымен қатар, ол полиция подполковнигі атағынан айрылып, өмір бойына құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети