18 қазан 2017 | 08:55

Алматыда алапат өрт: Сөндіруге 120 адам мен ондаған машина жұмылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 18 қазанға қараған түні алапат өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 18 қазанға қараған түні алапат өрт шықты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, "Қазтрансформатор" ғимараты өртеніп, одан жалын көрші ғимаратқа көшкен. 

Қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың мәліметінше, Жетісу ауданы, Рысқұлов 99 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы шақырту "101" пультіне түнгі үште түскен. 

"Бірінші өрт сөндіру есебі үш минуттың ішінде оқиға орнына жетті, яғни 03.03-те. Одан кейін оқиға орнына күш тартылды. Өртсөндірушілер оқиға орнына келгенде жағдай былай еді: екіқабатты кеңсе ғимараты өртеніп жатқан. Өрт орнында штаб құрылып, ғимаратты айнала үш өрт сөндіру бөлігі құрылған", - делінген ведомство хабарламасында. 

"Өрт сөндіру орнынан ең қашықта орналасқан гидрант 1,5 шақырымда еді, сондықтан "Алматы Тазалық" коммуналдық қызметінің су таситын көлігі қолданылып, оқиға орнына үздіксіз су жеткізу іске асырылды. Жалын мансардтағы тез жанатын құрасырма арқылы тез тараған. Өртсөндірушілер мен құтқарушылар өртті 06.17-де сөндірді. Жалын шарпыған аумақ - 3500 шаршы метр. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 120 адам жұмылып, 36 дана техника тартылды", - деді Баймұхамбетова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети