17 қараша 2014 16:15

Алматыда алғашқы әскери дайындыққа арналған оқу гранаталары тәркіленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу гранаталары. ©pruzhany.net Оқу гранаталары. ©pruzhany.net

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Алғашқы әскери дайындық" пәні бойынша барлық оқу құралын, оқ-дәріге ұқсас заттарды түгендеу мен оларға сараптама жасауды және оларды қаланың оқу орындарына беруді тоқтатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 17 қараша күні таңертең колледждегі алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Бір студент қыз қайтыс болды.

Қала басшысы қолданыстағы заңнама аясында оқу құралдарын тәркілеуді тапсырды. Сонымен бірге, Ахметжан Есімов қайтыс болған студент қыздың отбасына және барлық зардап шегушіге материалдық көмек көрсетуге өкім етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы сән және дизайн колледжінде жұмысқа жақында қабылданған мұғалімнің алғашқы әскери дайындық сабағын жүргізгені хабарланған еді. Кейбір мәліметтер бойынша, ер адам граната жарылған кезде сыныпта болмаған. Ауруханаға 1997-1998 жылы туған 12 жасөспірім түсті. Олардың бәрі - Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері. Олар жарықшақтан түрлі дәрежеде жарақат алған. Бес жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Граната 08.40-та жарылды. Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети