20 қазан 2015 00:31

Алматыда Алмалы ауданының тұрғындары ыстық сусыз және жылусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда жылу магистралінен шыққан ақаулар салдарынан Алмалы ауданының тұрғындары ыстық сусыз және жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жылу магистралінен шыққан ақаулар салдарынан Алмалы ауданының тұрғындары ыстық сусыз және жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 қазанда Айманов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болды. "Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 20 қазанға дейін ыстық су мен жылу берілетін болады. Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 19 қазанда Тараз қаласында да жылу құбыры жарылған болатын. Жамбыл облыстық ТЖД мамандарының хабарлауынша, 19 қазан күні сағат 12.20-да диспетчерлік қызметке жергілікті тұрғындардан қоңырау түскен. Олар Сатбаев көшесінде ХҚКО-ға қарама-қарсы жерде жылу құбырының жарылғанын және ыстық судың атқылап жатқанын айтқан. "Біздің мамандар оқиға орнына жеткенде ол жерде "Тараз Транс Энерго" қызметкерлері жұмыс істеп жатты, олар жарты сағаттың ішінде суды тоқтатты", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети