06 қыркүйек 2017 11:03

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, ер адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды patrul.kz.


Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, ер адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды patrul.kz.

№ 45 бағытында жүретін автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Рысқұлов көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, Момышұлы көшесіне солға бұрылған. Осы кезде жол қиылысынан бір ер адам жүгіріп өтпекші болған. Оны автобус жүргізушісі көрмей қалған, себебі оның жанында "ГАЗель" маркалы көлік келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргінші бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп өткен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам жол шетіне ұшып кеткен, ол басымен бордюрге соғысқан. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келіп, ер адамды ауыр халде ауруханаға алып кеткен. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети