02 ақпан 2017 19:32

Алматыда автобус жүргізушісі адам қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда арнайы автобусқа арналған жолда қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда арнайы автобусқа арналған жолда қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің айтуынша, оқиға 2 ақпанда шамамен сағат 15.00- де болған. Қоғамдық көліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Тура Өтеген батыр көшесіне жақын қалған уақытта ол жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

"Ер адамды сол жерден өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Ол № 7 қалалық клиникалық ауруханасын жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам жаяу жүргіншіге өтуге болмайтын жерден жолды кесіп өтпекші болған", - деді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Осы дерек бойынша Біріңғай реестрге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Салтанат Әзірбектің айтуынша, жаяу жүргіншінің алған жарақатының ауырлығына байланысты іс басқа бапқа ауыстырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети