Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы қоғамдық көліктің жол ережесін бұзғаны туралы кезекті видео келіп түсті.
Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы қоғамдық көліктің жол ережесін бұзғаны туралы кезекті видео келіп түсті.
Бұл жолы № 32 бағыттағы автобус Фурманов көшесімен солтүстікке қарай жүріп бара жатып, Мәметов көшесіне сол жаққа бұрылған. Ал аталған жол қиылысында бұрылуға тыйым салынған. Дегенмен, автобус жүргізушісі мұнымен шектелмей, Панфилов көшесіне жеткеннен кейін бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, оң жаққа бұрылған.
Айта кетейік, автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуын куәгерлер жиі видеоға түсіріп алады. Мәселен, 5 желтоқсанда № 121 бағыттағы автобус Сәтбаев көшесімен келе жатып, Достық көшесіндегі көлік кептелісін айналып өту үшін қарсы бағытқа шығып кеткен еді. Кейін ол жүргізушіні ҚР Әкімшілік жауапкершіліктер туралы кодексіне сәйкес жауапқа тартылып, жүргізуші құқығынан бір жылға айырғаны хабарланған.