16 сәуір 2018 15:15

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызды балағаттаған: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматыда № 80 автобус жүргізушісі жолаушы қызға балағат сөздер айтқан оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, жүргізуші 14 сәуірде SMS арқылы төлем жасаған жолаушы қызды балағаттаған болатын.


Алматыда № 80 автобус жүргізушісі жолаушы қызға балағат сөздер айтқан оқиғаның мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еске салайық, жүргізуші 14 сәуірде SMS арқылы төлем жасаған жолаушы қызды балағаттаған болатын.

Instagram пабликтерінің бірінде қыз бен автобус жүргізушісінің арасында болған әңгіменің видеосы жарияланды, оны қыз оқиға кезінде түсіріп алған. Кадрдан ер адамның қызға балағат сөздер айтып, дөрекілік танытқанын көруге болады.

Ескерту, видеода балағат сөздер бар!

Жүргізуші өз түсіндірмесінде осы келеңсіз жағдайды қыздың жанындағы жігіт бастағанын айтқан. Жолаушы қыздың SMS төлемі өтпегеннен кейін, жол ақысын басқа әдіспен төлеуді ұсынған. Ал олар болса, төлемейтіндерін айтқан. 

"Гоголь мен Байзақов көшелерінің қиылысында автобусқа жігіт пен қыз отырды. Біздің жүргізуші бірнеше рет жолақысын төлеуді сұраған. Бұл автобустың соңғы аялдамасына дейін жалғасқан. Соңғы аялдамада жүргізуші жолаушылардан "төлем жасадыңдар ма?" деп сұраған, жігіт "Иә" деп жауап берген. Ал қыздың SMS төлемі өтпей жатқан. Сол жерден ұрыс басталған. Осы жағдайды қыз бала видеоға түсіріп тұрған. Негізінде жүргізуші жігітпен жанжалдасқан", - деді № 2 коммундалық автопаркінің ("Green Bus Company" ЖШС басқарады) директоры Асхат Әбішев. 

Асхат Әбішевтің айтуынша, жүргізушінің қарамағында үш баласы бар, оның біреуі - мүгедек. 

"Қыз балаға ақылай 150 теңге төлеуді ұсынған, алайда ол қарсы болды. Біз жүргізушіге осындай жағдайда полиция шақыру керектігін түсіндірдік. Жүргізуші жоспарды орындамаса, айлығынан ұсталынып қалатын және отбасын асырау керектігін айтады. Алайда бұл оған осылай сөйлеуге құқығы бар деген сөз емес, сол себепті біз оны бап бойынша жұмыстан шығаруды ұйғардық", - деді "Green Bus Company" ЖШС алматылық филиалының директоры Бауыржан Құлышев. 

Алайда жолаушы қыз оқиғаның басқаша болғанын айтады. 

"Мен № 80 автобуста "Атакент" сауда-көрме орталығына кетіп бара жаттым. Жүргізуші басынан бастап дөрекілік танытты. Ол SMS арқылы жол ақысын төлеген қариядан хабарламаны көрсетуін талап етіп, айғайлады. Барлығын тек алдыңғы есіктен шығарып отырды. Мен шығарда оған 79 теңге қайтып келгенін және төлем жасалғанын көрсеттім. Ол барлық есікті жауып, "Оңай" картасымен не ақылай жол ақысын төлеуді талап етті. Ол түсінбеген секілді, мен екі рет SMS жібердім, көрсеттім. Менің досым сөзімді сөйлей бастады, себебі жүргізуші балағат сөздер айта бастады. Біз шығайын дедік, жігітім жол ақысын төлегенін айтты. Жүргізуші есікті жапқанда, ол есікке қысылып қалды. Оны барлығы көрді, куәгерлер көп болатын. Жүргізуші артқы есікті ашқанда, сол жақтан менің жігітім кіріп, жол ақысын төлегенімізді айтып, сөйлесе бастады. Ол аузына келгенін айтып, қол жұмсай бастады, мен ажыраттым. Осыдан кейін мен телефонды шығарып, видеоға түсіре бастадым", - дейді қыз бала.


Чектің скриншоты

Қыздың айтуынша, автопарк өкілдерінен ешкім кешірім сұрап келмеген. 

"Оның жұмыстан босатылғаны өкінішті, мен оның жазаланғанын қалап едім. Жүргізушінің әрекеті дұрыс емес", - деп қорытындылады ол. 

Сонымен қатар, ол жүргізушілер жәбірлеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полицияға хабарласуға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети