Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен емес, басқа автобустың жүргізушісімен төбелескен - автопарк

27 Сәуір 2017, 16:10
0
Алматыда автобус жүргізушісі жолаушымен емес, басқа автобустың жүргізушісімен төбелескен - автопарк - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

№23 автобустың жүргізушісі жолаушымен емес, №54 автобустың жүргізушісімен төбелескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. Ал осыған дейін жүргізушінің жолаушымен төбелескені хабарланған еді.

"Қаскелең автобус паркі" ЖШС бас директоры Есбай Әшімбаевтың айтуынша, бұл оқиға 26 сәуірде шамамен сағат 14.30-да "Саяхат" автовокзалының аумағында болған.

"№23 автобустың жүргізушісі Асхат Аманбаев Райымбек көшесімен шығыс бағытта 434 мемлекеттік нөмірлі автобуспен келе жатқан. Содан автобусқа №54 автобустың жүргізушісі келіп отырған. Оның автобусының мемлекеттік нөмірі - 779 HA. Бірнеше аялдамадан соң ол біздің компанияның жүргізушісіне шағымдана бастаған. Балағат сөздер айтып, оларға жұмыс бермейтінін айтып, ақша талап еткен. Рөлді ұстай бастағанда Аманбаев бұған шыдай алмай, оны салоннан шығарып жіберген", - деді тасымалдаушы компанияның бас директоры.

Есбай Әшімбаевтың айтуынша, бұл жерде №23 автобустың жүргізушісі дұрыс істемеді.

"Жүргізушімнің әрекетін құптамаймын. Ол лауазымдық нұсқаулықты орындамағаны үшін сөгіс алды. Ол бұл жағдайда тоқтап, полицейлерді шақыру керек еді", - дейді Есбай Әшімбаев.

Сондай-ақ, ол Асхат Аманбаевтың еңбек өтілі 11 жыл екенін айтып өтті. Ол жұмыстан шығарылмайтын болды.

Ал №54 автобусты тасымалдайтын "АвтоАлма Транс" ЖШС директоры Марат Әлиев бұл жағдайға қатысты кейінірек түсінік беретінін айтты. 

Еске сала кетейік, төбелестің видеосы жақында әлеуметтік желілерде таралған болатын. Аноним автордың айтуынша, төбелестің шығуына жолаушының ұялы телефонын жоғалтып алуы себеп болған. Яғни ол автобус жүргізушісінен телефонды іздестіруге көмек сұрағанда ол дөрекілік көрсете бастаған.

Қазіргі уақытта Алматы полицейлері видеоны тексеріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай