05 қыркүйек 2019 15:46

Алматыда автобус велосипедшіні қағып, біраз жерге сүйреп әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/groups/ot.almaty Фото: facebook.com/groups/ot.almaty

Алматыда автобус велосипедшіні жолдың бүйірінен қысып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус велосипедшіні жолдың бүйірінен қысып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2 қыркүйекте Райымбек даңғылы мен Байзақова көшесінің қиылысында болған.

"Мен автобус жолағының шетіне қарай шығыс бағытта келе жатқан едім - жол ережесіне сәйкес, біз солай жүруіміз керек. Бағдаршамда автобус тоқтап қалды. Мен автобустың ортасына жеткенде, жасыл жарық жанды және ол да жүре бастады. Мен ештеңе істеуге үлгермедім, ол рулін оңға бұрғанда, мен жол жиегі мен автобус арасында қысылып қалдым. Мен құлап, бақылауды жоғалттым. Үлкен жылдамдықпен жүргенде көліктің астында қалатын едім", - деп еске алады Алматы тұрғыны Темірлан Қалыбаев.

Өзіне назар аударту үшін Темірлан әйнекті ұра бастаған. Салондағы жолаушылар айғай сала бастағанша, жүргізуші оны естімепті.

Автобус тиесілі "Мадина" автопаркінде олар болған оқиғаны былай сипаттайды.

"Біз қызметтік тергеу жүргіздік, жағдайды толық және объективті зерттеу үшін біз Темірланды автобустың бейнебақылау камераларынан түсірілген бейнелерді көруге шақырдық. Видеода көріп отырғаныңыздай, велосипедші оны басып озып, автобустың қасынан өтіп бара жатқанда соқтығысу орын алады. Біздің автобус таңдалған бағыт бойынша өзіне тиесілі жолақпен ғана жүреді.

Темірланға жүргізуші сәл оңға бұрылып, оны қысып тастағандай болды. Біз оған бұл мүмкін емес екенін көрсеттік. Видеоны жүргізушінің кабинасынан қарадық, біздің қызметкердің рульді оңға бұрмағаны анық көрінеді. Тиісінше, автобус оны жолдың шетіне қарай итере алмады", - дейді "Мадина" автопаркінің директоры Бекежан Тыныштықбай.

Алматылық азамат қызметтік тергеу нәтижелерімен келіспейді. Темірлан электронды үкімет веб-сайты арқылы полицияға хабарласып, азаматтық сотқа шағым түсірмек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети