21 қазан 2016 17:36

Алматыда автобустарға арналған жолақта көлік аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде жол апатының суреттері пайда болды.


Алматыда жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілерде жол апатының суреттері пайда болды.


© Евгений Ким

Жол апаты Төле би мен Шәріпов көшелерінің қиылысында болған. СТВ телеарнасындағы "Территория происшествия" бағдарламасының тілшісі оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің келгенін айтты. Mitsubishi көлігі Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатса, Toyota Prado жүргізушісі Шәріпов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізушілердің айтуынша, олар бағдаршамның жасыл түсіне келе жатқан.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz редакциясына жол апатынын ешкімнің зардап шекпегенін айтты. "Mitsubishi мен Prado көліктері соғысты. Жол апатының басқа мән-жайы кейінірек белгілі болады. Біздің арнайы топ сонда жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети