25 желтоқсан 2015 15:10

Алматыда автобустың жол ережесін өрескел бұзғаны бейнеленген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Қоғамдық көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғаны куәгердің видеотіркегішіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.


Қоғамдық көлік жүргізушісінің жол ережесін өрескел бұзғаны куәгердің видеотіркегішіне түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.

Бейнежазбаны Ахмет Ахметов есімді оқырман жолдады. Оның айтуынша, оқиға 2015 жылдың 24 желтоқсанында Сәтбаев көшесінде болған. Видеодан жанармай құю бекетінен шыққан автобустың біраз жол жүріп, жылдамдығын баяулатпастан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін көруге болады. Видео авторы жолда адамдардың және көліктердің болғанын, дегенмен автобустың аялдамаға барып қана тоқтағанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда автобустың балалы әйелді қағып кете жаздағаны бейнеленген видео жарияланған еді. 10 желтоқсанда Instagram әлеуметтік желісіндегі instavideo_kaz парақшасында жарияланған видеодан автобустың қарсы бағытқа шығып кеткенін көруге болады. Болжам бойынша, жүргізуші қарсы бағытқа шығу арқылы алдындағы автобусты басып өтпек болған. Бағдаршамның қызыл түсі жанғанын күтпестен автобус көшелердің қиылысын кесіп өтпек болды, ол осы кезде балалы жолаушыны басып кете жаздады. Кейін қалалық ІІД жол ережесін өрескел бұзған автобус жүргізушісінің жазаланғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети