19 наурыз 2019 09:34

Алматыда аялдамада болған жол апаты: Жүргізуші қамауға алынды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда аялдамада қаза тапқан екі әйелдің ісіне байланысты күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 


Алматыда аялдамада қаза тапқан екі әйелдің ісіне байланысты күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. 

Тәттібеков пен Коперник көшелерінің қиылысындағы апатта екі әйелдің қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс қалалық прокуратура бақылауына алды, іс жүргізетін прокурор тағайындалды.

Прокуратураның мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру") тергеледі.

"Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратурадағылар. 


© "Территория происшествий" 

Еске салайық, Алматыда автокөлік жүргізушісі аялдамаға соғылып, үш адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Тәтібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында болды. Таяуда жол апаты салдарынан 1988 жылғы қыздың қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жүргізуші мас болғандықтан, көлікті басқара алмай қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети